Қарағанды облысының Қарақұдық ауылында үш айға карантин жарияланды

1031

Қарағанды облысының Қарақұдық ауылында үш айға карантин жарияланды

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданына қарасты Қарақұдық ауылында үш айға карантин жарияланып, залалсыздандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды khabar.kz.

Қазір мамандар арнайы ор қазып, малдың өлексесін өртеп жатыр.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын аталған елді мекенде 15 бас жылқы қырылып қалған болатын. Ветеринарлардың тексерісінен соң Қамбар ата тұқымының лимфангиттен өлгені белгілі болды. Бұл індет емдеуге келмейді, әрі еті мен сүтін де пайдалану аса қауіпті.

"Астана мен Қарағандыдан келген мамандар ауру малдың өлекселерін жоюға кірісіп кетті. Қазір ауылға кіріп-шығуға шектеу қойылды. Жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүреді. Карантиннің қашанға созылатыны әзірге белгісіз", - дейді Бұқар жырау ауданының бас мал дәрігері Ерсайын Жүнісов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу