Қарағанды облысы Төтенше жағдай департаментінің ақпаратына сәйкес, 6 қарашада өрт сөндірушілердің пультіне Абай ауданының Құрма ауылындағы "Агрофирма Құрма" ЖШС құс фабрикасынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына ашық от көзі себеп болған, деп жазады inbusiness.kz eKaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.
"Белгілі болғандай бір қабатты жұмыртқа қоймасы ғимаратының ағаш шатыр жабыны, сондай-ақ жалпы ауданы 450 шаршы метр болатын ғимарат ішінде жинақталған ағаш табандық мен картон қаптамалар жанған. 12 сағат 42 минутта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт 19 сағат 15 минутта ауыздықталды", - деп хабарлады облыстық ТЖД.