Қарағанды облысының құтқарушылары Мақтааралға аттанды

734

Олар су басқан елдімекендерде апаттық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге көмек көрсетеді.

Қарағанды облысының құтқарушылары Мақтааралға аттанды

Өзбекстандағы бөгеттің жарылуына байланысты апат аймағында қалып қойған Түркістан облысының елдімекендеріне көмек көрсету үшін қарағандылық құтқарушылар тобы аттанды. Десант инженерлік, су сорғыш техникамен және жүзу құралдарымен жабдықталған, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар тобы Мақтаарал ауданының елдімекендеріндегі су басу салдарын жою бойынша апаттық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге көмек көрсетеді.

Марш басталмас бұрын Қарағанды облысының ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев жеке құраммен нұсқаулық өткізді. Негізгі назар жеке құрамның, техника мен жабдықтардың дайындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мәселелеріне аударылды.

Қарағанды облысының ТЖД бастығы жеке құрамнан құтқарушыларға жүктелген міндеттерді шешу кезінде барынша төзімділік көрсетуді талап етті.

Естеріңізге сала кетейік, қатты жаңбыр мен дауылдан кейін 1 мамыр күні таңертең Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып кеткен болатын. Нәтижесінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара маңындағы коллекторлары суға толып кеткен. Бұл бірнеше елдімекеннің су басуына әкелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу