Қарағанды облысының Нұра ауданында 40 отбасы баспаналы болды

1415

Жаңа үй жетім балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға және баспаналары апатты жағдайда тұрған жандарға берілді.

Қарағанды облысының Нұра ауданында 40 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысының Нұра ауданында 40 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24.kz.

Екі пәтерлі 20 үйдің құрылысына "Нұрлы жер" бағдарламасымен бюджеттен 400 миллион теңге қаржы бөлінген. Тоқ тартылып, инженерлік-коммуникациялық жүйесі ретке келтірілген. Енді жуық арада жол салынып маңайы абаттандырылмақ.

Жаңа үй жетім балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға және баспаналары апатты жағдайда тұрған жандарға берілді.

Аудан бойынша қазір әлі 400 адам пәтер кезегінде тұр.

"Алты жыл бойы үй салынбап еді Нұра ауданында, сол очередь көбейіп кетті. Өйткені тозған үйлер бар, сосын жаңа, жас семьялар көбейді. Сондықтан кезек көбейіп кетті. Бүгінгі күнге 400 адамдай кезекте тұр. Келесі жылдары Нұра кентінің өзінде 40 пәтер тапсырамыз. Ал ауылдық округтарда 12 үй, 24 пәтер. Осы категория бойынша: " Астанада "сансыз адам" тіркелген 50-ге жуық пәтер анықталды", - дейді Нұра аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Құралбай Ақмағанбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу