Астанада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар, жүлдегерлер мен ЖОО-да оқуға грант иегерлері арасында қарағандылық оқушылар да бар.
Қарағанды облысының атынан 24 оқушы қатысты.
Қазақстан тарихы бойынша бірінші орынды Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Ажар Боранбай иеленді. Ол сондай-ақ Astana International University-де оқуға грант ұтып алды.
"Мен өз мектебіме алғыс айтқым келеді: біз қарқынды дайындалуымыз үшін көп нәрсе жасалды. Мен университетте оқу грантын ұтып аламын деп күткен жоқпын. Бәрі сәтімен келді, өйткені мен Астанада оқуды жалғастыруды жоспарлаған едім", – дейді Ажар.
- Бұқар жырау ауданы Ж. Аймауытов атындағы ОМ он бірінші сынып оқушысы Фариза Аханқызы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша екінші орынға ие болып, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің грантын алды.
- Нұра ауданының Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебінің 11-сынып оқушысы Шахназ Жарылғапова "қазақ мектебіндегі орыс тілі" пәні бойынша;
- Ақтоғай ауданы К. Байсейітова атындағы тірек мектебінің оныншы сынып оқушысы Тоғжан Ақмағанбет құқық негіздері бойынша;
- Бұқар жырау ауданы С. Торайғыров атындағы тірек мектебінің 11-сынып оқушысы Айзере Әбуова Қазақстан тарихы бойынша;
Осакаров ауданының Абай атындағы тірек мектебінің оныншы сынып оқушысы. Карина Романова ағылшын тілі бойынша.
Қазақстандық ауыл мектептерінен 165 жоғары сынып оқушылары қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жеті пән бойынша олимпиада жүлдегері атанды. Олар 83 қола, 49 күміс және 33 алтын жүлдеге ие болды.
Оларға медальдар мен дипломдардан басқа еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 31 ректорлық гранты табысталды.