Өңірдің солтүстік бөлігінде және Қарағандыда алдағы уақытта аязды күндер болуы ықтималдығынан жылу беру жұмыстарын әзірге тоқтатпау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
"Әр аудан жылыту маусымын қайы уақытта аяқтайтынын өздері шешеді. Бұл ретте ауа райы мен халықтың тілегіне байланысты шешім қабылданады. Қарағандыда біз жылыту маусымын ұзартуды шештік,себебі сәуірдің 16-нан 18-не дейін аяз болады деп күтілуде. Түнде температура нөлден төмен түседі. Сондықтан қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбау үшін біз жылыту маусымын кешірек аяқтаймыз", – деді Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.
Жалпы жылыту маусымы өңірде штаттық режимде өтті. Осы уақыт аралығында сегіз жылу станцияларында жабдықтың бірінші дәрежелі істен шығуы – үш рет, ал және екінші дәрежелі ақаулар 207 рет тіркелген.
Биылғы жылыту маусымында Теміртау қаласындағы ЖЭО-2-де жылу температурасы қалыпты нормаға 5-7 градус жетпеді. Алайда ол тұрғын үйлердің температурасына әсер еткен жоқ, дейді мамандар.