Қарағанды облысының отын-энергетикалық ресурстары 4,9 пайызға кеміді

1843

Қарағанды облысының отын-энергетикалық ресурстары 4,9 пайызға кеміді

2016 жылы облыстың отын-энергетикалық ресурстары (ОЭР) 44,7 млн тонна шартты отын (тшо) құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға кеміді, деп хабарлайды stat.gov.kz.

Облыстың отын-энергетикалық теңгерімі (ОЭТ) негізгі тауар нарығының отын-энергетикалық ресурстарынан құралған. Табиғи ресурстар ОЭР жалпы көлемінен 70,9%-ды құрайды. Облыстың табиғи ресуртарының құрамында 99,9%-ы көмір.

ОЭТ ресурс бөлігінің 72,9%-ын өндірілген ресурстардың табиғи түрлерінен және өндірілген электр- және жылу энергетикалықресурстардан құралады, ресурстардың 7,8%-ын жыл басындағы қалдықтар құрайды, 0,1%-ы импортқа және 19,2%-ы – басқа да түсімдер болды.

ОЭТ ресурс бөлігінің құрылымында өндіру мен өндірістің үлес салмағы 2015 жылмен салыстырғанда 2,5 пайыздық тармаққа, жыл басына қалдықтардың үлес салмағы – 0,3 пайыздық тармаққа артты, импорт – өзгеріссіз және 0,1%-ды құрады.

2016 жылы облыстың ішкі нарығында 30,9 млн тшо тұтынылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға кем. Облыста тұтынылған отын мен энергия жалпы санынан 29,1% басқа энергия түрлеріне өзгертуге, 60,1% - өндірістік-технологиялық және өзге де қажеттіліктерге жұмсалған. Бөлу бөлігінде облыс ішінде тұтынудың үлес салмағы 0,8 пайыздық тармаққа ұлғайды.

Бөлу бөлігінің құрамында отын-энергетикалық ресурстарының 61,9%-ы облыс ішінде тұтынуды, 9,1%-ды экспорт құрады, 7,8%-ы халыққа жіберілді, 6,8%-ы жыл аяғындағы қалдықтарға, 7% - шығынға және 7,4%-ы – басқа да тұтынуға жұмсалды .

2016 жылы ОЭТ-нің бөлу бөлігінің құрамында алдыңғы жылмен салыстырғанда өзгерістер байқалады: облыстың ішкі нарығына жеткізілген отын-энергетикалық ресурстардың үлесі ұлғайды, 2015 жылы 61,1%-дан 2016 жылы 61,9%-ға дейін, шығындардың үлес салмағы 6,1%-дан 7%-ға дейін ұлғайды, отынның жыл соңына қалдықтарының үлес салмағы 7,5%-дан 6,8%-ға дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу