Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік табысталды

268

Көліктің басым бөлігі патрульдік полицияға беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік табысталды Фото: Polisia.kz

Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің автопаркі 200 арнайы көлікпен толықты. 

Трассада қызмет ететін тәртіп сақшылары да жол талғамайтын көліктер алды. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жаңа техникаларды өзі табыстады.

"Сіздердің қызметтеріңіз жедел және жайлы болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Сондықтан құқық қорғау органдарының тиімді жұмысында материалдық-техникалық базаны нығайту ерекше маңызды. Биыл құқық қорғау органдарының қажеттіліктеріне облыстық бюджеттен 22,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде бір миллиардтан астамы материалдық-техникалық жабдықты жақсартуға бағытталады", – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарын қолдау жалғасатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу