Қарағанды облысының прокурорлары жылыту қазандықтары орнатылған көп қабатты тұрғын үйлерді тексерді

1179

Қарағанды облысының прокурорлары жылыту қазандықтары орнатылған көп қабатты тұрғын үйлерді тексерді

 Теміртау қаласының прокуратурасы Ақтау кентінің автономды жылыту жүйелері орнатылған көп қабатты тұрғын үйлерді тексерді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі туралы брифингте Теміртау прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры Рустам Танишпеков баяндады.
Тексеру жұмыстары Шахандағы оқиғадан кейін жүргізіл. Бес қабатты тұрғын үйде жылыту қазандығының жарылуы салдарынан 9 адам құрбан болды.
"Ақтау кентінде 17 автономды қазандық бар, оның 8-і көп қабатты тұрғын үйлерді және 9-ы бюджеттік ұйымдарды (мектептерді, балабақшаларды және т.б.) жылыту үшін пайдаланылады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде өрт қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарды бұзу жағдайлары тіркелді", - деді Рустам Танишпеков.
Тұрғын үйдің жертөлесінде бір қазандық орналасқан. 
Прокурорлар қазандық жасауға және автономды жылыту жүйелеріне арналған жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттардың жоқ екендігін анықтады. Барлық қазандықтарда тексеруден өткендігі туралы сертификаттары жоқ өлшеу құралдары мен жабдықтары орнатылған. 
"Ақтаудағы қазандықтарда 50 адам жұмыс істейді. Олардың ешқайсысы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсаулықтан өтпекген. Жұмыскерлер шаң мен газдан қорғайтын құралдарды пайдаланбайды", – дейді прокурор.
Бұдан басқа, қазандық ғимараттарында көмір мен жанармай материалдары сақталады. Өрт сөндіргіштер жоқ. 
Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық әрекет ету актісі Теміртау әкімі аппаратына жолданды. Спикердің айтуынша, жауапты тұлғалар шеңбері кейін анықталады. 
"Прокурорлық әрекет ету актісінде осы мәселе бойынша бақылау мен қадағалау үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қажеттілігі көрсетілген. Бірақ нақты кімді екені жазылмаған", – деді Рустам Танишпеков.
Прокурор журналистердің көптеген сұрақтарына жауап бере алмады. ҚНжЕ қарамастан жылыту қазандықтары неге тұрғын үйлердің жертөлелерінде жасалады? Неге уәкілетті органдардың ешқайсысы шара қабылдамады? Адамдарға бюджет қаржысы есебінен көмектесуге болатын заңды тетік бар ма? Қазандықтарды шығару үшін міндетті түрде демеушілерді тарту қажет пе?
"Бұл мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылады", – деді прокуратурасының қызметкері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу