Қарағанды облысының соттарында кадрлық ауыс-түйіс болды

961

3 судья құрметті отставкаға кетті.

Қарағанды облысының соттарында кадрлық ауыс-түйіс болды

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов пленарлық отырыста кадрлық өзгерістер туралы хабарлады. ҚР Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы №440 Жарлығымен судьялар корпусына тағайындау, сондай-ақ атқаратын лауазымдарынан босату және отставкаға жіберу рәсімдері жүргізілді, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Қарағанды облыстық сотына Естай Исабеков пен Орал Омаров судья болып тағайындалды, олар бұған дейін Абай және Бұқар Жырау ауданында сот төрағасы болып жұмыс істеген.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотын Ертай Тынысов басқарды. Арман Ешмағанбет Жезқазған қалалық сотының судьясы болып, Сая Қамарова Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның №2 сотының судьясы болып тағайындалды.

Қарағанды облыстық сотының судьялары Қарлығаш Нұрмағамбетова мен Надежда Кузнецова, Приозерск қалалық сотының төрағасы Бағдат Әдепбеков құрметті отставкаға кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу