Қарағанды облысының спорт мектептері бірыңғай ақпараттық жүйемен біріктіріледі

1464

Қарағанды облысының спорт мектептері бірыңғай ақпараттық жүйемен біріктіріледі

Қарағанды облысының спорттық ұйымдары "Дене шынықтыру және спорт мониторингі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен біріктіріледі. 2018 жылдан бастап бұл жоба "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында енгізіліп жатыр, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жүйе өңіріміздің барлық спорт мектептері туралы мәліметтерді жинақтайтын бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде спортшылар мен бапкерлерді қаржыландыру жүйесінің ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Жүйе облыстағы спорт түрлері мен инфрақұрылымдарының дамуы туралы толық және дәл ақпарат береді. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қаупінің пайда болуына жол бермейді.

Жүйе кезең-кезеңмен енгізіліп, 2020 жылы толыққанды жұмыс істейді.

Бірінші кезеңде, биылғы жылы, жүйе орнатылып, 28 спорт ұйымы бойынша ақпарат жиналған. 
Екінші кезеңде, 2019 жылы, жүйеге қосымша атқарымдар қосылады және таратылымы кеңейтіледі. 
Үшінші кезеңде, 2020 жылы, жүйеге облыстың қалалары мен аудандары қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу