Қарағанды облысының су айдындарында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

504

Өңірде су айдындарын аэрациялау, яғни оттегімен қанықтыру жұмыстары басталды.   

Қарағанды облысының су айдындарында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар жүргізілуде Фото: gov.kz

Қарағанды облысының су айдындарында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Федоров су қоймасында жүзден астам ұңғымалар бұрғыланды. Бұдан бөлек мамандар Абай ауданындағы Қойбас көлі мен Виктория бөгетінде аэрация жұмыстарын жүргізді.

"Өңірде 201 балық шаруашылығы су айдыны бар. Оның 104-і бекітілген, қалғандары резервтік қорда. Бекітілген су айдындарында аэрация жұмыстарын иелері жүргізеді, ал біз резервтік жұмыстарды қамтимыз", – деді Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Бекзат Махажанов.

Айта кету керек, басқа резервтік балық шаруашылығы су айдындарындағы балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар наурыз айына дейін жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу