Қарағанды облысының су қоймаларында балықтардың қырылуына қарсы қандай шаралар қолданылуда?

653

Қамыс шоқтарын орнату үшін, 30 ұңғыма бұрғыланды және оттегі деңгейі өлшенді. 

Қарағанды облысының су қоймаларында балықтардың қырылуына қарсы қандай шаралар қолданылуда? Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Осы аптада Федоров су қоймасында Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Қарағандының ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығының жедел тобымен бірлесіп, балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Судағы оттегі қалыпты. Жергілікті атқарушы органға балық пен басқа да су жануарлары өлімінің алдын алу үшін резервтік су айдындарының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу ұсынымдары берілді. ҚР "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорындағы күзет жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді", – дейді Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясында.

Бір ай бұрын Абай ауданының Саран су қоймасында 30 ұңғыма бұрғыланып, қамыс баулары орнатылды. Балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар қаңтардан наурызға дейін өткізіледі. Қарағанды облысында 96 резервтік су айдынына Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары қызмет көрсетеді. Бекітілген 107 су айдынында бұл бағыттағы жұмыстарды табиғат пайдаланушылар жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу