Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып Салтанат Мірәсілқызы Әбеуова тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Салтанат Әбеуова 1963 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Мамандығы бойынша заңгер және неміс және ағылшын тілдерінің оқытушысы.
Оның барлық еңбек өмірбаяны Ақтоғай ауданымен байланысты. 1991 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратында түрлі қызметтер атқарды. 2012 жылы Ақтоғай ауданының әкімі болды.
2013 жылдан 2016 жылға дейін Салтанат Әбеуова Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасын басқарды.
2016 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Ақтоғай ауданының әкімі болды.