Қарағанды облысының тумасы Ресейде өзенге құлаған автобустан адамдарды құтқарып алды

269

Апат салдарынан автобус "Мойка" өзеніне құлаған.  

Қарағанды облысының тумасы Ресейде өзенге құлаған автобустан адамдарды құтқарып алды Фото: Әлеуметтік желі

Оқиға орнында өтіп бара жатқан Ерхан Аханов батыл әрекет етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жолаушылар мінген автобустың өзенге құлап кеткені туралы бұл бейнетүсірілім барлық әлеуметтік желіге тарап кетті. Бұл оқиға 10 мамыр күні Санкт-Петербург қаласында орын алды. Көпірдің айналасына көп адам жиналып, санаулы адам ғана жолаушыларды құтқару үшін әрекет етуге батылы барды. Олардың арасында Шахтинск қаласының тұрғыны, 25 жастағы Ерхан Аханов та бар. Кадрда жігіттің көпірге қарай асығып бара жатқанын көруге болады.

 "Мен басымды бұрғанымда, автобустың батып бара жатқанын көрдім, сол кезде мен еш ойланбастан жолды бөгеп тастамас үшін 5-10 метр жүрдім де, көлігімді тоқтатып, суға түсу үшін киімімді шешіп, сыртқа жүгірдім. Ойланбастан суға секірдім. Қарсы болғандар болды", - деді Шахтинск қаласының тұрғыны Ерхан Аханов.

Оқиға куәгерлері Ерханды тоқтатуға тырысқан, себебі суға секіру оның өмірін қиюы мүмкін еді. Содан кейін Ерхан тросты алу үшін көлікке барып, оны пайдалана отырып Дағыстандық жігіттермен бірге суға түседі. Автобустың төбесінде жеткен олар жолаушыларды люк арқылы құтқарды, Ерхан қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, әйел адамның есін жиюына көмектесті. Олар ер адамды құтқарып қалды, автобус жүргізушісі дін аман. Ерхан Аханов Шахтинскі қаласында тұрып, Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейде білім алды. Ол 10 жасынан бокспен айналысады, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы. Әйелі екеуі үш жылдан бері Санкт-Петербург қаласында тұрып жатыр, сонда оқып, жұмыс істейді.

"Ең алдымен адам болу керек, әр адам қол ұшын беруге міндетті, ең алдымен ата-анамызға, әрине, оларды өсіргені үшін - ешкімді қиындыққа қалдырмай тәрбиелегені үшін алғыс айтамын. Елге көмек көрсету керек, бұл ешқандайда ерлік емес, бізді ата-анамыз осылай тәрбиелеген", - деді Шахтинск қаласының тұрғыны Ерхан Аханов.

Ерхан бұл әрекетті ерлік деп санамайды. "Қазақстанның кез келген ер адамы мұны жасай алады", - дейді ол. Ата-анасы өмір бойы ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Әкесі патрульдік полиция қызметінің инспекторы, анасы Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған күзет қызметінің қызметкері. Кейіпкеріміздің бауыры қазіргі таңда Қонаевтағы десанттық-шабуылдау батальонында әскери борышын өтеп жүр, ал қарындасы полицияда қызмет ету үшін медициналық тексеруден өтіп жатыр. Ең кенжесі мектеп оқушысы. Олардың барлығы Ерханның әрекетін мақтан тұтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу