Қарағанды облысында 70-тен астам адам өз үйлеріне қайтып оралды. Олар Ақтөбе және Андрейниковка ауылдарының тұрғындары, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Ал Нұрын ауданындағы Тассуат ауылында, керісінше 50-ден астам адам эвакуацияланды. Нұра өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен 10 үйді су басты. Соңғы тәулікте инертті материал салынған 7 мың қап төселді.
Новостройка, Ынтымақ, Самарқа, Нұрталды және Тассуатта 3 мың метрге дейін бөгет жасалды. Су тасқынының алдын алуға 700 жұмыс күші мен 200 техника жұмылдырылды. Осы уақыт аралығында Қарағанды облысында 2 мыңға жуық адам эвакуацияланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу