Қарағанды облысының үш қаласында жанар жағармай тапшы

934

Қарағанды облысының үш қаласында жанар жағармай тапшы

Жанармай қымбаттауының алғашқы белгілері оның тапшылығы. Қыркүйектің басынан бастап Қарағанды облысының үш қаласында жанармай сатып алу мүмкіндігі болмаған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Бензиннің тапшылығы Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытауда орын алды. Жанармай құю бекеттерінде орын алған бензин тапшылығын, жауапты шенеуніктер де, мұнай өңдеу зауыттары да жоспарлы түрде жөндеу жұмыстарына жабылудан болған тапшылық деп түсіндіді. Жақын күндерде жағдай дұрысталады деп уәде беруде. 

Алайда, осы арада тағы да қосымша мәліметтерге сәйкес бензин нарығының эксперттері елде жанармай тапшылығы орын алып, бағаның қымбаттауын болжайды. 

"Қазақстанда бензин еркін айналымға түскелі бері жанармай бағасын нарық белгілейді, мемлекеттің бұл мәселеге қатысы жоқ. Сондықтан олар бензиннің қымбаттауына түсініктеме бермейді", — дейді мұнай-газ саласының эксперті, экономист Сергей Смирнов. 

Сарапшының пікірінше, күз мезгілінде – астық жинау, демалыстан қайту, машинасы бар студенттердің оқуға оралуы секілді себептер сұранысты арттырып, бағаны өсіріп жібереді екен.

"Менің ойымша ең басты себеп маусымдық болып табылады. Дегенмен, жанармай бағасы инфляцияны қуып жетуде: жылдың басынан бері бензин орта есеппен алғанда 4,3%,  дизель – 11,1%  қымбаттады. Ал, ресми инфляция мәліметтеріне сәйкес 6-8% аралығын құрайды", - дейді сарапшы. 

"Бағаның көрсеткіші қандай болатыны туралы бірден айту қиын. Себебі, біздегі мұнай өнімдерін сату бағасы Қазақстандық жанармай ассоциациясы тарапынан бақыланады да, мемлекеттік формулаға сәйкес реттеліп отырады. Нақты белгілеулердің болмауы жанармайдың көтерме саудасымен айналысатындар үшін тиімді болып отыр", деп санайды Сергей Смирнов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу