Қарағанды облысының үздік тауары анықталды

1123

"Халыққа арналған үздік тауар" номинациясын "Қарағанды фармацевтика кешені" ЖШС жеңіп алды. 

Қарағанды облысының үздік тауары анықталды

"Қазақстанның үздік тауары-2018" көрме –байқауының аймақтық кезеңінде "Халыққа арналған үздік тауар" номинациясын "Қарағанды фармацевтика кешені" ЖШС жеңіп алды. Кәсіпорын Қарағанды облысын қыркүйекте Астанада өтетін республикалық байқауда таныстыратын болады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

"Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясына облыстың 35 кәсіпорны таласты. Жеңімпаздар үштігіне "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС, "КазПласт" ЖШС және "Galex Plus" Саран тігін-трикотаж фабрикасы енді. 

Дәрмектердің тұрақтылығы зерттелген соң ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің емдік дәрілерді салаптау жөніндегі Ұлттық орталығына тіркеуге өтінім берілді. Біздің дәрілер айтарлықтай күрделі, осыған дейін Қазақстанда жасалған емес. Бұл құрғақ немесе сұйық түрінде флакондарға, картридждерге толтырылған немесе алдын ала шприцтерге салынған инъекциялар. Оларды дәріханалардан сатып алуға болмайды, себебі дәрмектер науқастарды стационарлық түрде емдуге арналып жасалған", - дейді "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС бас директоры Сергей Барон. 

Фармкешен тиімділігі дәлелденген дәрмектердің трансферімен де айналысады. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – жылына 4 миллион қаптама шығару. Бұл көлемге компания үш жыл ішінде шығуды жоспарлап отыр. Келешекте ЕАЭО елдеріне өнімді экспорттау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу