Қарағанды облысының және Нұр-Сұлтан қаласының прокурорлары ауысты

710

Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қарағанды облысының және Нұр-Сұлтан қаласының прокурорларын тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының және Нұр-Сұлтан қаласының прокурорлары ауысты

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Мырзакеров Бауыржан Қыпшаұлы Қарағанды облысының прокуроры болды.

Мырзакеров Б.Қ қызмет жолын 1997 жылы Қапшағай гарнизонында әскери прокурордың көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Шымкент, Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарында әскери  прокуратураның басшылық қызметтерін атқарды.

Павлодар облысы, Бас әскери прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы болды.

2019 жылдың сәуірінен бастап елордалық прокуратураны басқарды.

Аға әділет кеңесшісі Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Өтегенов Е.Р 1997 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеп келеді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарды.

Алматы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының және Алматы облысы бойынша Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма бастығы болған.

2019 жылдың маусымынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу