Қарағанды облысының жолдарынан 60-тан астам адам эвакуацияланды

479

Эвакуацияланған жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеді. 

Қарағанды облысының жолдарынан 60-тан астам адам эвакуацияланды Фото: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті

Бұқар Жырау ауданында, Қызылорда – Павлодар автожолының 1024 шақырымында жолаушылары бар автобус жол жиегіне шығып кеткен. Көлік Қарағанды – Өскемен бағыты бойынша жүріп бара жатқан. Оқиға Қарағандыдан 50 шақырым жерде болған. Құтқарушылар ол жерге дереу жетіп, автобустан Қарағандыға 38 адамды эвакуациялады.

Сондай-ақ, Бұқар жырау ауданында, Алматы – Екатеринбург автожолының 1046 шақырымында, Теміртаудан 12 шақырым жерде Қарағанды облысы ТЖД күшімен техникалық ақау салдарынан тұрып қалған автобустан Теміртауға 25 адамды эвакуациялады. Автобус Астана – Шымкент бағыты бойынша жүріп бара жатқан.

Ауа райының нашарлауына байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы автожолдардың бес учаскесінде шектелген:

  •  Екатеринбург – Алматы, 1353–1426-шы км,
  •  Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласының төлем қабылдау пункті;
  •  Қарағанды – Аягөз – Бұғаз, 17–217 км, Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы;
  •  Астана – Қабанбай-батыр – Нұра – Теміртау, 51–266 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы;
  •  Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара, 231–324-ші км, Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті;
  •  Қызылорда – Павлодар, 967–1135 км, Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы.

Құтқарушылар келесідей кеңеске құлақ түруді ұсынады:

  •  елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
  •  жабылған автожолдарда көлік құралдарының кептелісін құрмау;
  •  мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы дәмханаларда болу;
  •  автожолдардағы қозғалыстың жабылуы немесе шектелуі туралы ақпаратты қадағалаңыздар.

Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу