Қарағанды облысының жолдарында алғашқы жедел жәрдем көлігі пайда болды

281

Енді жол бойында орналасқан трассалық медицина-құтқару пунктіне кез келген жолаушылар мен жүргізушілер мен жолаушылар да көмек ала алады.

Қарағанды облысының жолдарында алғашқы жедел жәрдем көлігі пайда болды Фото: ТЖМ

Қарағанды облысының Шет ауданында өңірдегі алғашқы арнайы жедел медициналық көмек және реанимация көлігінің трассалық медицина-құтқару қызметіне тапсырылу салтанаты өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа реанимобиль Шет ауданының автожолдарында пайдаланылады және жол-көлік оқиғалары мен жолдағы басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге арналған. Автомобиль заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған және зардап шеккендерге оқиға орнында жедел және реанимациялық көмек көрсетіп, олардың жағдайын тұрақтандырып, кейіннен жедел жәрдем бригадаларына немесе медициналық ұйымдарға тапсыруға арналған", – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу