Қарағанды облысының жылдық бюджеті 25 пайызға азаюы мүмкін

684

Өңірдің шамамен 20 пайыз тұрғыны Ұлытау облысына өтті.

Қарағанды облысының жылдық бюджеті 25 пайызға азаюы мүмкін

Ұлытау облысының құрылуына байланысты Қарағанды облысының жылдық бюджеті 25 пайызға азаюы мүмкін. Мұндай болжамды Қарағанды өңірінің әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Жаңадан құрылған Ұлытау облысына бұрын біздің өңірдің қарамағында болған аймақтардың халқы қосылды. Яғни Қарағанды облысының шамамен 20 пайыз тұрғыны жаңа облысқа өтті. Осыған байланысты жылдық бюджет 25 пайызға азаюы мүмкін", – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің мәліметінше, Қарағанды облысының жылдық бюджеті 500 млрд теңгеден астам. Салықтар мен төлемдерден түсетін қаржы – 150 млрд теңге. Өңір бюджетіндегі "АрселорМиттал" мен "Kazakhmys" кәсіпорындарының үлесі – 21 пайыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу