Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі

1742

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында көлігінде 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қаруы бар үш ер адам құрықталды. 

Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі

Ұсталғандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың мүйіздерін сату саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізу барысында 15 сәуір күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы кенттерінің бірінде 34 жастағы ер адамның басқаруындағы автокөлікті ұстады.

"Аталған көлік құралының салонында Жаңаарқа ауданының 34 жастағы тұрғыны және Қарағанды қаласының 28 жастағы екі тұрғыны болған. Тексеру және тергеу амалдары кезінде полицейлер ұсталғандардан 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қару тәркіледі", - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы "сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сондай-ақ, ҚР ҚК 287-бабы "оқ қаруын заңсыз сақтау" бойынша тергеуден өтеді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандар қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу