Қарағанды полициясы белгісіз суретшіні іздеп жатыр

906

Қарағандыда ескерткіштер мен аялдамаларға белгісіз біреулер сурет салып кеткен.

Қарағанды полициясы белгісіз суретшіні іздеп жатыр Фото: inbusiness.kz

Қарағандының орталық көшесіндегі ескерткіштер мен аялдамаларға және тұрғын үйдің қабырғасына белгісіз біреулер түсініксіз сурет салып кеткен. Әсіресе олар қаланың құрылған күні жазылған тарихи маңызы бар ескерткіш қабырғаны шимайлаған.

 

Сонымен қатар Абай көшесіндегі тұрғын үйлер мен аялдамаларда да осындай түсініксіз шимай - шатпақ салыныпты.

Қазыбек би ауданының әкімі Ералы Оспанов белгісіз суретшінің қылығына қатысты наразы пікірін әлеуметтік желідегі парақшасына қалдырған. 

“Неге? Неліктен? Тым құрығанда мына шимайдың қандай мағына беретінін түсіндірсе ғой. Неге олар бұл суретті өз үйлерінің қабырғасына салмайды. Бұл қабырғаларды жұмысшылар бояп тер төгіп еңбек етті. Әрине біз оны өшіріп қайта бояймыз. Мұны салғандар менің жекеме жазып не үшін екенін түсіндірсеңіздер”,- деді Қазыбек би ауданының әкімі Ералы Тоқжанов.

Қарағанды полициясы бүгінде бұзақыларды іздеп жатыр. Табылған жағдайда оларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу