Қарағанды прокуратурасы қолды болған 2 млрд теңгеге қатысты пікір білдірді

917

Жасалмаған жұмысқа қол қойған шенеуніктерге қатысты тергеп тексеру басталды. 

Қарағанды прокуратурасы қолды болған 2 млрд теңгеге қатысты пікір білдірді Фото: informburo.kz

Прокуратура мамандары Қарағанды қаласындағы жолдардың жөнделуіне қатысты жұмыстарды тексерген. Құзырлы орын Қарағанды қаласының Карл Маркс және Магнитогорск көшелеріндегі жолдарды күрделі жөндеуден өткізу кезінде 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады. Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығы жасалмаған жұмысты жасады деп қол қойып жіберген. Осыдан кейін қаражатты ұрлау фактісі орын алған.

“Тексеру барысында бөлім басшысына ҚР Қылмыстық кодекстің 189 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Бұл қылмыстық іс қадағалаушы ведомствоның бақылауында болады . Бүгінде қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде ”,- деп мәлімдеді Қарағанды облысы Прокуратурасының басқарма басшысы Бекзат Ахметов.

2020 жылы Майқұдықтағы 11 шақырымға созылған жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жасау  үшін бюджеттен 12 млрд теңге  қаражат бөлінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу