Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ-ға қатысты 2018-2019 жылдары ішкі әуе желілері бойынша авиаЖЖМ-ге монополиялық жоғары баға белгілеу анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.
Осының нәтижесінде Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 240 000 (елу миллион екі жүз қырық мың) теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 104 912 (отыз бір миллион бір жүз төрт мың тоғыз жүз он екі) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген соң, әуежай 50 240 000 (елу миллион екі жүз қырық мың) теңге мөлшерінде монополиялық табысты төледі.
Соттың ұйғарымы бойынша әкімшілік айыппұл бөліп төленді.
Осылайша, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 81 344 912 теңгеге айыппұл өндірілді.