Республикалық бюджеттен субсидияланатын жаңа бағыт Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
23 қыркүйектен бастап "Қарағанды – Семей" бағытында әйе рейсі ашылды. Жолаушылар аптасына 2 рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Билет бағасы – 15 000 теңге.
Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді бағада сапарлауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Семей қаласынан "Семей – Алматы", "Семей – Астана", "Семей – Үржар", "Семей – Қарағанды" бағыттары бойынша әуе рейстері орындалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу