Қарағанды шахтасында өрт болды

1061

Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. 

Қарағанды шахтасында өрт болды

Қарағанды облысында шахтада тұтанған өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай, 15 ақпан күні сағат 21.30 шамасында Шахтинск қаласына жақын орналасқан шахтада өрт болды. Жалын 100 метр тереңдікте тұтанған. Шахтада болған 116 адам жер бетіне эвакуацияланды.

Өртті сөндірумен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері" Республикалық орталық штабы" ЖШС-ның 60 маманы мен 6 техникасы айналысты.

"ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім еткендей, жалын 6 сағаттан кейін сөндірілді.

"100 метр тереңдікте көмір массивінің жарықтарынан жанып жатқан метан ара-тұра атқылап тұрды. ҚР ИИДМ "Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері" Республикалық орталық штабы" ЖШС-ның жүргізген шараларының нәтижесінде жалын 03:40-та өшірілді. Кейін аталған учаскеде көмір массивін суыту жұмыстары жүргізілді. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері нормадан аспайды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ", - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу