Қарағанды шахтасында метан газы жарылды

824

Қарағанды шахтасында метан газы жарылды

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "Қазақстандық" кенішінде төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды 24.kz.

Таңғы 4-тер шамасында метан газы атылған. Бұл уақытта жер астында 136 адам болған. Ал апат орын алған аумақта 4 кенші болыпты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 3 адам ес-түссіз жатыр. Қазір оқиға орнында әскерилендірілген апатттан құтқару қызметінің мамандары жұмыс жасап жатыр. Апаттың неден болғаны нақтыланады. Бұл шахта "АрселорМиттал Темиртау" компаниясына тиесілі. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу