Қайғылы жағдай коммуналдық желілердегі ұңғымалардың бірінде жоспарлы жұмыс кезінде орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Оқиға туралы ақпаратты компания растады:
"Екі қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр, еңбек инспекциясы тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеріс басталды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Іс бойынша сот-медициналық-техникалық сараптама тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу