Қарағанды теміржол вокзалы маусым айында ашылады

1550

Қайта құру аяқталғаннан кейін вокзалдың өткізу қабілеті екі есе артады. 

 Қарағанды теміржол вокзалы маусым айында ашылады

Қарағанды теміржол вокзалын қайта құру аяқталуға жақын. Мердігерлер ішкі және сыртқы өңдеу жұмыстарын маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек жаңарған залдардан өтіп, перрон мен конкорстық өткелдерді аралап көрді.

"Иә, адамдардан сын келіп түсті және олардың барлығында негіз бар. Бұл жұмыстар қысқы уақытта да жүргізілгенін ескеру қажет, сондықтан көктемнің келуімен перронда және вокзал қасбетінің алдыңғы жағы шөгінді берді. Сонымен қатар, қыс қарлы болды, жұмысшыларға мұзды ою керек болды, соның салдарынан кейбір плиталар сынған. Осы кемшіліктерді жойдық. 6 мың шаршы метрден астам қырлы тасты қайта төседік, сыртқы қасбетін аяқтадық, наразылық тудырған кемшіліктердің барлығын жойдық", – дейді "Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі" филиалының директоры Марлен Көкірекбаев.

Қайта құру аяқталғаннан кейін вокзалдың өткізу қабілеті екі есе артады. Ғимаратта қазірдің өзінде ана мен бала бөлмелері, демалыс бөлмелері бар, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған лифтілер мен эскалаторлар орнатылған.
Барлық қажетті жабдықтар сатып алынып, қазір орнату және іске қосу жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу