Қарағанды теміржол вокзалы жөндеуден соң тәулігіне 8 мың жолаушы қабылдай алады

1958

Қарағандыда темір жол вокзалының ғимараты 1956 жылы салынған. 

Қарағанды теміржол вокзалы жөндеуден соң тәулігіне 8 мың жолаушы қабылдай алады

Қарағанды теміржол вокзалы қайта жаңартылуда. Ол келушілер үшін ыңғайлы және қауіпсіз болады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Басты өзгеріс вокзалдың аумағына қатысты болмақ. Ғимараттың кеңейту үшін оның жанынан қосымша құрылыс салынып жатыр. Вокзалдың үш қабатты жаңа қанатында кассалар, күту залдары, медпункт, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған демалыс бөлмесі, ана мен бала бөлмесі, фудкорттар мен сауда дүңгіршектері орналасады.

Жолаушылар перронға жер үсті өткелдері арқылы кіре алады. Перрондар шатырмен жабылады. Конкорсты өткел вокзал ғимаратынан екінші, үшінші, төртінші және бесінші жолға өтетін болады. Оны жылыту жүйесімен және заманауи эскалаторлармен жабдықтау көзделуде.

Қайта жөндеуден кейін вокзал тәулігіне 8000 жолаушыны қабылдай алады. Бір мезгілде онда 2300 адамға дейін орналаса алады. Күту залындағы орын саны 250-ден 670-ке дейін артпақ. 

Айта кетсек, Қарағандыда темір жол вокзалының ғимараты 1956 жылы салынған. Оның жалпы ауданы 2 796,8 шаршы метрді құрайды. Соңғы рет ғимарат 2008 жылы күрделі жөндеуден өткен.
Жөндеу жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу