Қарағанды теміржол вокзалын жаңарту жыл соңына дейін аяқталады

1880

Қарағанды теміржол вокзалын жаңарту жыл соңына дейін аяқталады

2018 жылдың тамызынан жүргізіліп келе жатқан Қарағанды теміржол вокзалының қайта жаңартылуы 2019 жылдың соңына таман аяқталады, деп хабарлайды деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.  

Қазіргі уақытта қосымша терминалды салу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. 2-5 жолдарда еркін жүріп-тұру үшін эскалаторлар мен лифтілер орнатылған жылытылатын жабық конкорстық өтпелер салынады. Вокзал қызметіне мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кедергісіз қолдары жетуі үшін жағдайлар жасалады. Жолаушылардың өздерін платформаларда жайлы сезінуі үшін қалқалар тұрғызылатын болады.

Жөндеу-құрылыс жұмыстары кезен кезеңімен жүргізіледі. Нысанды пайдалану кезеңіндегі жұмыс барысында барлық қажетті ережелер сақталады.

Жобамен вокзалдың ара-жігін айқын ажырату жоспарланып отыр. Операциялық аймақта касса залы, анықтама бюросы және күту залы орналасады. Ал сервистікте – сақтау камералары, ана мен бала бөлмесі, сервис-орталық, шағын-маркет, тамақтану пункты, сауда дүңгіршектері және шаштараздар.

Қайта жөндеу көргеннен кейін вокзал аумағы 1576,9 шаршы метрге ұлғайып, 3901,7 шағын метрді құрайтын болады, бұл өз кезегінде тәулігіне 4000-нан 7000 дейін жолаушыны өткізуге, орындықтарды 417-ден 670 дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Біріншіден, қайта жаңарту вокзалдың проблемаларын шешуге, жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға, нысанды терроризмнен қорғауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу