Қарағанды теміржол вокзалының ғимараты 1 қыркүйекке дейін жабылады

2304

Барлық қызметкерлер автовокзал ғимаратына уақытша жұмыс істеуге көшеді. 

Қарағанды теміржол вокзалының ғимараты 1 қыркүйекке дейін жабылады

26 наурыздан 1 қыркүйекке дейін Қарағанды теміржол вокзалының ғимараты жабық болады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.. 

"Вокзалды жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабамыз. Біздің барлық қызметкерлеріміз автовокзал ғимаратына уақытша жұмыс істеуге көшеді. Ал күн жылығанда жолаушылар үшін перронда және вокзал маңындағы аумақта күту аймағы болады. Біз уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", –  дейді Қарағанды вокзалының басшысы Назгүл Ғалиасқарова.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды теміржол вокзалын қалыпқа келтіру өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. 2018 жылдың желтоқсан айының басында күрделі жөндеуге байланысты вокзал ғимаратының оң жақ қанатына кіру жабылды. Төрт мемлекеттік касса автовокзал ғимаратында жеке күту залына ауыстырылды.

Жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу