Қарағанды тұрғындары отбасылық жәдігерлерін өлкетану мұражайына сыйлады

1000

Қарағанды тұрғындары отбасылық жәдігерлерін өлкетану мұражайына сыйлады

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі – өткен ғасырлар және бүгінгі күні болып жатқан оқиғалардың арасындағы көпір іспеттес, аймақтың ғылыми-мәдени орталығы болып табылады. Жыл сайын мұражай қызметкерлері ескі заттарды жинау бойынша түрлі акциялар өткізеді.
Биылғы жылдың басында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығына орай, "Музейге сыйлық" акция басталды. Заттарды жинау нәтижесінде өңір тұрғындары көптеген қызықты заттарды тапсырды.
"Көптеген нумизматикалық элементтер бірқатар әулеттердің басынан өткен оқиғаларынан, кейде ұрпақтан ұрпаққа берілген отбасылық жәдігерлерінен, олармен байланысты құндылықтарынан хабар береді. Ақшаның ескірген түрлеріне де қызығушылық танытатын адамдар аз емес", - дейді Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бас қор сақтаушысы Меруерт Орыспаева.
Осылайша "Музейге сыйлық" акциясының арқасында облыстық музейдің нумизматикалық жинағы Кеңес дәуірінің монеталарымен толықтырылды. 

Жинаққа 40 монета кіреді, олардың шығарылымы атаулы және мерейтойлық күндерге арналған.
Сонымен қатар қазақ халқының қолданбалы өнерінің бұйымдары музейге сыйға тартылды. Атап айтсақ: қапсырма – камзолға арналған ілгектер (4 жұп) және кеңестік монеталар, 230 дана отбасылық монеталар қоржыны тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу