Қарағанды тұрғындары тегін заңгерлік консультация ала алады

195

Акцияның мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. 

Қарағанды тұрғындары тегін заңгерлік консультация ала алады Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

30 мамырда Қарағанды облысының мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығында "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтеді.

Барлық тілек білдірушілерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, Қарағанды облысының Әділет департаментінің және Қарағанды облысының адвокаттар алқасының өкілдері тегін кеңес береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мамандар толық және сапалы кеңес бере алуы үшін өзіңізбен іс құжаттарыңызды ала келіңіз.

Акцияның басталуы сағат 17:00-де.

Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығы: Қарағанды қ., Тәттімбет к-сі, 709.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу