Қарағанды тұрғындары туристік агенттікке алданып қалды: күдікті қамауға алынды

177

Ол туристік агенттік иесінің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын мәлімдеді.

Қарағанды тұрғындары туристік агенттікке алданып қалды: күдікті қамауға алынды Фото: ІІМ

Қарағанды қаласының 53 жастағы тұрғыны полицияға арызданды. Әйел көптен күткен демалысын ұйымдастыру үшін турагентке 900 мың теңге берген, алайда уәде етілген сапар жүзеге аспай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бұл агенттікке қатысты осындай тағы бірнеше шағым тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта полицияға осы туристік агенттіктің қызметіне шағымданған тағы 34 азаматтың өтініші түскен. Күдікті өз әрекетін валюта бағамының күрт өсуімен және соның салдарынан туындаған қаржылық қиындықтармен түсіндірген", – делінген хабарламада. 

Тергеу мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық залал шамамен 52 миллион теңгені құрайды. Тергеудің объективті әрі жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында күдікті уақытша қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу