Қарағанды тұрғындарының дәрігерлер көрсеткен қызметке көңілдері толмайды

492

Бұл жөнінде аймаққа жұмыс сапарымен барған Ажар Ғиният жергілікті ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесу барысында айтты деп жазады inbusiness.kz.

Қарағанды тұрғындарының дәрігерлер көрсеткен қызметке көңілдері толмайды Фото: Gov.kz

Мәселен бір жылда халықтан 694 өтініш түсіп, 266 рет тексеру тағайындалған. Министр бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 %-ға көп деп отыр. 

"Орындалған Мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде құтқару пункттерінің жұмысын, олардың қандай деңгейде екенін, жабдықтары бар-жоғын талдау қажет, ІІМ-мен бірлесіп бұл жұмысты жүргізу қажет. Әрбір медициналық ұйымның рөлі көрсетілетін өңірдегі медициналық көмек көрсету саласындағы жағдайды жақсарту жөніндегі қадамдық іс-қимыл жоспарын қабылдаңыздар. Пациенттермен жұмыс бөлімін құрыңыздар, осы қызметтердің жұмысын ашып,  реттеңіздер, қызметкерлерді үнемі оқытумен айналысыңыздар", - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. 

Сондай-ақ жиын барысында аймақтағы медицина саласының өзекті мәселелері де көтерілді. Облыста онколог мамандар жетіспейді, жүрек ауруына шалдыққандарға жасалған жағдай да ақсап тұрғаны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу