25 маусым күні Қарағандыда 27 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен тұрғын тірі, алайда комада жатыр, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, оқыс жағдай Гоголь көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Желіде оқиғаның видеосы тарады.
Ішкі істер басқармасы 27 жастағы қарағандылықтың төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлағанын растады. Полиция аталған дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен тұрғын басынан жарақат алып, комада жатқанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу