Қарағандыда жасөспірім дала бүркітін 400 мың теңгеге сатпақ болған

214

Интернетке жарнама жариялаған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Қарағандыда жасөспірім дала бүркітін 400 мың теңгеге сатпақ болған Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында 17 жастағы азамат дала бүркітін сататыны жөнінде интернетке хабарландыру жүктеген. Қызыл кітапқа енген құсты сату жөніндегі хабарландыру қылмыстық іске негіз болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әлеуметтік желілерді қарау кезінде Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген дала бүркітін 400 мың теңгеге сату туралы хабарландыруды анықтады. Полиция қызметкерлері хабарландыру авторын, яғни 17 жастағы тұрғынды анықтады. Жас жігіттің айтуынша, ол құсты даладан тауып алған және оның жойылып кету қауіпі санатына жататынын білмеген. Содан жас жігіт интернет-ресурстардағы бағаларды көріп, хабарландыру жариялады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлеріне заңсыз қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталғанға дейін дала бүркіті Қарағанды қаласының хайуанаттар бағына уақытша сақтауға берілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу