Қарағанды тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған

394

Қала көшелерінің бірінен 52 жастағы азамат ұсталды.  

Қарағанды тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған Фото: polisia.kz

Ол өз үйінде қарасора өсіріп жатқандығы туралы мойындады. Ұсталған азаматтың мекен жайынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді баптайтын  фитозертхананы анықтады.

Тәртіп сақшылары оқиға орнынан канабис тұқымын, 28 шыны ыдысқа отырғызылған өсімдік бұтасын, канабисті ұрықтандыратын заты бар 40 ампуланы және ультракүлгін шамдар тәріледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, 28 шыны ыдыстағы өсімдіктердің қарасора екені анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу