Қарағанды тұрғыны Ұлытауға жаяу жолға шықты

1297

Асхат Қажытай 777 шақырымды жаяу жүріп өтеді.

Қарағанды тұрғыны Ұлытауға жаяу жолға шықты

Кең байтақ қазақ даласын жаяу аралауды мақсат тұтқан қарағандылық журналист Асхат Қажытай тарихи жәдігерлерге бай Ұлытау өңіріне жаяу шықты. 20 шілдеде Қарағандыдан жаяу шыққан Асхат Қажытай Ұлытауға дейін 777 шақырымды жаяу жүріп өтпек.

"Жаяу" марафоны жобасының авторы бұған дейін  туған жері Қызыларай ауылындағы Ақсораң тауына жаяу барған еді. Сол кезде ол 333 шақырымды жеті  күнде жаяу жүріп өткен болатын. 

"Жаяу шығудағы мақсат салауатты өмір салтын сақтаумен қоса экотуризм мен этнотуризмді насихаттау болып табылады. Ұлы тұлғалардың басына барып тәу етуді мақсат тұттым. Жолшыбай Абай , Жаңаарқа аудандарына арнайы соғамын. Сосын Сәтбаев , Жезқазған қалаларына да барамын. Әр өлкенің өзіне тән  тарихы бар , сол еліміздің тарихқа бай өңірлерін жұртқа насихаттауды жөн көрдім",- деді Асхат Қажытай.

Асхат Қажытай Ұлытауға барған бойда "Қайырымды километр" акциясын іске асыруды жоспарлаған.Бұл жерде ол  жағдайы төмен отбасының балаларына өз қаражатына сатып алынған оқу құралдарын табыстайды. 

Қазақстанды жаяу аралауды мақсат еткен Асхат Қажытай болашақта шетелге жаяу шығуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Арайлым Еркебаева 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу