Қарағанды тұрғынына коронавирусқа қарсы екі түрлі екпе егілген

860

 Қарағанды тұрғынына коронавирусқа қарсы екі түрлі екпе егілген, деп хабарлайды Аtameken Business.    

  Қарағанды тұрғынына коронавирусқа қарсы екі түрлі екпе егілген

21 жастағы азаматшаға бастапқыда хаят вакцинасы салынған екен. Ал екіншісін егу уақыты келгенде оған ресейлік екпені еккен. Мұндай өрескел қателікке вакцинация орталығының дәрігері мен тіркеу бөлімінде отырған қызметкер жол беріпті.  Бүгінде ақ халаттылардың екеуі де жұмыстан қуылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше тұрғынның денсаулығы ерекше бақылауда. Әрі кері әсері байқалмаған. Айта кету керек, вакцинаның бірінші және екінші компонентінің бірдей болуы қатаң ескерілуі тиіс. Алайда, ресми орган екпенің түр-түсі бөлек болғанымен, атқаратын қызметі бір деп ақталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу