Қарағанды университеті орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына грант бөледі

489

Жоғары оқу орнының басшылығы тиісті шешімді мәлім етті. 

Қарағанды университеті орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына грант бөледі Фото: inform.kz

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Абай облысында орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына 10 білім беру грантын бөледі.

ҚарУ ректоры аппаратының басшысы Серік Қалқамановтың сөзінше, университет Абай облысының тұрғындары тап болған үлкен қиыншылықтан тыс қала алмады.

“Біз оларды осындай қиын кезеңде қолдау керек деп шешім қабылдадық. Осы мақсатта орман өртінен зардап шеккен отбасылардан шыққан балаларға университет қабырғасында тегін оқуға 10 грант беруге дайынбыз. Қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз”, – деді.

Бұдан бөлек Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университет еріктілері орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға қол ұшын созады.

Еске салайық, осыған дейін https://inbusiness.kz/kz/last/aktauda-zhoo-abaj-oblysynyn-5-studentine-grant-boledi Ақтауда ЖОО Абай облысының 5 студентіне грант бөлетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу