Зауытқа иелік ететін YDD Corporation компаниясы атап өткендей, келген мамандар – Ресейдің жетекші институттары мен ауруханаларының ең жақсы комбустиологтары (күйік мамандары), деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"М.ғ. к. Владимир Амосов пен РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Апаттар медицинасы кафедрасының доценті бастаған алты дәрігерден тұратын топ келді. Оның күйіктерді емдеуде 40 жылдық тәжірибесі бар", – деп хабарлайды компания.
Жергілікті мамандарға Иноземцева атындағы Мәскеу клиникалық ауруханасының күйік орталығының бөлім меңгерушісі Тимур Сухов кеңес береді. Ол күйік шалғандарды емдеуге маманданған 25 жылдық травматолог.
20 шілдеде сағат 04.10-да зауытта кенеттен өрт шығып, сегіз жұмысшы зардап шекті. Компания Ресей мен Түркиядан дәрігерлерді көмекке шақыруға уәде берген еді.