Қарағанды зертханасына айыппұл салынып, аккредитациясы тоқтатылды

129

Асфальтобетонды сынақтан өткізу кезінде нормаларды бұзылған. 

Қарағанды зертханасына айыппұл салынып, аккредитациясы тоқтатылды Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Қарағанды облысындағы зертхана асфальтобетон қоспасынан жасалған керн материалдарын сынау бойынша хаттамаларды аккредитациялық нормаларды бұза отырып шығарған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл бұзушылық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті қызметкерлері жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.

Сот шешімі бойынша зертханаға 801 164 теңге көлемінде айыппұл салынып, "Құрылыс және жол материалдары" саласында аккредитация куәлігі 6 айға тоқтатылды. Сынақ хаттамаларының күші жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу