Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар қатты аязға байланысты қашықтан оқиды

191

Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Саран және Абай аудандарында бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды. 

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар қатты аязға байланысты қашықтан оқиды Фото: Би-порт

Бұқар Жырау ауданында барлық оқушы қашықтан оқуға ауыстырылды. Қарқаралы және Нұра аудандарында, Балқашта 0-7 және 8-cынып оқушылары үйден оқиды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Риддерде 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4-сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды.

Алтай ауданында ауа райына байланысты 0-4-сыныптар үшін мына мектептер қашықтан оқуға көшеді:

"Новокрестьянская НШ" КММ, "Начальная школа им. Харина" КММ, "Крестовская НШ" КММ, "Путинцевская СШ" КММ, "Соловьевская СШ" КММ, "Чапаевская СШ" КММ, "Бикетов атындағы орта мектеп" КММ.

Самара ауданында ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Ақкөл ауылының мектеп-балабақшасында сабақтар қашықтан өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу