Қарағанды облысында Қарағанды-Жезқазған автожолының бүлінген бөлігі жөнделеді. Республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов Жезқазғанда өткен көшпелі кеңесте мәлім етті.
"Қарағанды-Жезқазған" тас жолын жөндеу мәселесін шештік. Инвестиция және даму министрлігімен бірлесіп, үлкен жұмыс атқарылды. Жол жөндеу үшін республикалық бюджеттен қаржы табылды. Жалпы сома – 2 млрд теңге. Шамамен 200 км проблемалық учаске жөнделеді", – дейді Ерлан Қошанов.
Бірінші транш – 1 млрд теңге алынды. Екінші бөлігі мамыр айында болады деп күтіліп отыр.
"Қазақавтожол" кәсіпорнының хабарлауынша, жөндеу жұмысы екі кезеңде жүргізіледі. Жаңартылған тасжол қазан айына қарай пайдалануға берілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу