banner

Қарағанды зообағы аң-құспен толықты

726

Бүгінде зообақ коллекциясында жануарлардың 185 түрі бар, оның 91-і Қызыл кітапқа енген. Мұнда бір жарым мыңнан астам жануарлар мекендейді.  

Қарағанды зообағы аң-құспен толықты Фото: gov.kz

Қарағанды хайуанаттар бағы тағы бірнеше аң-құспен толықты. Атап айтқанда, зообаққа бұташындар, иірмүйізді ешкілер, көк қошқарлар, ойынпаздар, қара тұмсықты шоттұмсықтар, қара аққулар, ақ тауыс жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ балықтар коллекциясы да жаңартылған. Есімін жариялағысы келмеген кәсіпкер хайуанаттар бағына аквариумдар мен 500-ден астам сирек шабақтар сыйлаған.

"Армян тәлімбағынан бірнеше бұташындар мен қара тұмсықты тукандар сатып алынды. Бұрын жергілікті хайуанаттар бағының коллекциясында мұндай жануарлар болмаған. Қара тұмсықты тукан – Оңтүстік Америкадағы ең танымал құстардың бірі. Р.Шило атындағы Новосібір хайуанаттар бағынан екі ойынпаз, көк қошқар және иірмүйізді ешкі сатып алынды. Көк қошқарлар Гималай мен Тибетте жиі кездеседі. Иірмүйізді ешкі халықаралық табиғатты қорғау және табиғи ресурстар одағының Қызыл кітабына енгізілген. Бұл жануарлардың негізгі саны Тәжікстандағы шағын учаскеде ғана сақталған", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек зообақ Новосібір хайуанаттар бағындағы қара және ақ тауысқа өз ақ аққуларын айырбастаған. Ал, Қарағандыдан Шымкент хайуанаттар бағына Алтай маралдары мен пумалары жіберілген.

Еске салайық, Қарағанды хайуанаттар бағы 1938 жылы құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу