Қарағандыда "Қарлы вахта" акциясы басталды

757

Қарағандыда "Қарлы вахта" акциясы басталды

Қарағандыда "Қарлы вахта" акциясы басталды. Акцияға қатысушылар жалғыз басты зейнеткерлер мен ардагерлер тұратын үй аулаларын қардан тазартады. 
"Қарлы вахта" акциясы 10-шы қаңтарда басталды, енді қыс соңына дейін жалғасады. 

"Біз акцияға студенттерді жұмылдырамыз. Алайда бізге еріктілердің өздері де телефон арқылы хабарласады, шараға қатысуға ниеттерін білдіріп жатады. Біздің волонтерлер тек жеке үйлердің ауласын ғана тазартады, көпқабатты үйлердің алдындағы қарды ПИК тазартады. Біздің көмегімізге мұқтаж қариялардың тізімін біз ардагерлер кеңесінен аламыз", - деді Қарағанды қаласының жастар ресурс орталығының жастар жобалары және бағдарламалары секторының жетекшісі Жансая Ижанова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу